$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Павлодар облысында қарлы боранда жоғалған екі адамның біреуі табылды

AstanaTV
20.11.2014ж. 20:00
1030
Павлодар облысында қарлы боранда жоғалған екі адамның біреуі табылды

Павлодар облысында қарлы боранда жоғалған екі адамның біреуі табылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сай, оның денсаулығы бір қалыпты, қазір үйінде.

Еске салсақ, Қарасұқ ауылы  маңында көмір тасымалымен айналысқан екі адам жоғалып кеткен еді. Отын тиелген КамАЗ жүк көлігі  ай далада істен шыққан. Сөйтіп екі адам көмек сұрауға аттанады. ТЖД-і баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүк көлігінде жүргізушімен бірге қожалықтың екі жұмысшысы болған. Алдымен ауылға көмек сұрап 41 жастағы жұмысшы, мұнан соң 29 жастағы бақташы кеткен. Олар сол күйі кері оралмаған. Түні бойы құтқарушылармен бірге жергілікті тұрғындар, полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізді. Қарлы боран іздеуге кедергі келтірген. Сондықтан жол талғамайтын көліктер тартылды. Құтқарушылар адасқан адамдарды іздеуге атпен де жолға шықты.

Талғат Омаров, Павлодар облыстық ТЖД басқарма басшысы: 

Табылған азамат далада жиналған бір мая шөпті паналаған. Денсаулығы қанағаттанарлық. Қазір үйінде. Медициналық жәрдемді қажет етпейді. Іздестіру шарасы әлі де жалғасуда. Бүгінде 1985 жылы туған Белашов іздестіріліп жатыр.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ