$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Бүгін құрлықтық хоккей лигасының кезекті тур ойындары өтеді

AstanaTV
20.11.2014ж. 20:00
942
Бүгін құрлықтық хоккей лигасының кезекті тур ойындары өтеді

Бүгін құрлықтық хоккей лигасының кезекті тур ойындары өтеді. Елордалық «Барыс» командасы Омбы қаласының «Авангард» клубына қонаққа барады. Бұған дейін Астанада өткен кездесуде Андрей Назаровтың шәкірттері 3-1 есебімен ұтылған. Спорт тақырыбын Самат Қанағатов жалғастырады.



Финляндияның Муонио қаласында шаңғы спортынан әлем кубогына іріктеу жарыстары өтуде. 10 шақырымнан тұратын классикалық әдіспен жүгіруде Қазақстан спортшысы Алексей Полторанин топ жарды. Отандасымыз аталған қашықтықты 23 минут 25 секундта бағындырды. Екінші және үшінші орындарды жарыс иелері Иво Нисканен мен Вилле Ноусайнен еншіледі. Жарысқа қатысқан қалған қазақстандық спортшыларға келсек, Николай Чеботко 10-шы орынға тұрақтаса, Сергей Малышев пен Евгений Величко алғашқы 20 мықтынын қатарынан орын алды.



Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиналық Владимир Кличко допинг қолданды деп хабарлайды «Ту Файт ру» сайты, «Полвдив-днес» порталына сілтеме жасап. Әзірге кіші Кличконың ағзасынан нақты қандай тиым салынған дәрінің табылғаны анықталған жоқ. Дегенмен, бұл ақпарат қазір анықталып жатыр. Жуырда Владимир Кличко Болгария спортшысы Курбат Пулевпен кездесіп, 5-ші раундта нокаутпен жеңді. Аталған жекпе-жек Германияның Гамбург қаласында өтті. Чемпионнан допинг сынағы кездесу аяқталғаннан кейін алынған.

Самат ҚАНАҒАТОВ