$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Эбола салдарынан болатын шығын көлемі азаяды деп болжануда

AstanaTV
21.11.2014ж. 10:00
1313
Эбола салдарынан болатын шығын көлемі азаяды деп болжануда

«Әлемдік банк Батыс Африкадағы Эбола безгегінен әлемдік экономиканың шығын болжамын төмендетті», - деп жазады «Файненшэл таймс» басылымы. Қазір 3-4 млдр доллар жайында айтылуда, ал қазанда бұл көрсеткіш 30 млрд доллар болатын.

Әлемдік банктің бас экономисі Франциско Ферейроның пайымдауынша, «төмендеу бірқатар елдердің Эболаны нәтижелі тежеп тұруының арқасында мүмкін болып отыр». Алайда ол экономиканың әлі қауіпті жағдайда екенін жоққа шығармайды.

Әлемдік сарапшылар, Эболадан ең көп жапа шеккен Африка экономикасының оңалуына миллиондаған доллар қаражат қажет дейді. Вирустың кері әсері Либерия, Сьерра-Леоне және Гвинея аумақтарынан тыс та байқалып отыр, деп жазады «Файненшэл таймс». Мәселен, безгек ошағынан мыңдаған шақырым алшақ жатқан Оңтүстік Африка шөлді парктерінде турист саны кеміген. Бірнеше ірі мұнай компаниялары вирусқа байланысты жұмыстарын тоқтатты. Еске салсақ, Эбола дертінен қазір 5 мыңнан астам адам ажал құшты.

Самат ҚАНАҒАТОВ


 

Алдыңғы жаңалық