Жойқын зілзаланың алдын-алу
үшін, Алматы іргесінен екі сейсмикалық полигон салу қажет. «Ұлттық
сейсмологиялық қадағалау және зерттеу орталығының» ұжымы осындай бастама
көтеріп, Үкіметке ұсыныс жолдады. Инновациялық жоба қазір жан-жақты зерттеліп жатыр. Мақсат - жер
қыртысында жиналып қалған дүмпулерді бәсеңдетіп, жойқын зілзалаға тосқауыл қою.
Ол үшін полигонда сынақ
жұмыстары жүргізілуі керек. Нысанның бірін 100 шақырым қашықтықтағы Шелек
ауданы аумағында, екіншісін Ұзынағаш ауылы маңына салу жоспарланған. 100
гектардай аумаққа орналасатын қос сынақ алаңына су толтырылған қауыз орнатылып,
6 баллдық қуаты бар жасанды дүмпу тудыратын зеңбіректермен жарақталмақ. Бастапқыда
600-700 мәрте қайталанатын дүмпулер жер қыртысындағы жиналып қалған қиратушы
жер дүмпулерін мейлінше азайтуға ықпал етеді, - дейді орталық мамандары.
Таңатқан Абақанов, «Ұлттық
сейсмологиялық қадағалау және зерттеу орталығы» АҚ директоры:
Нақты қалаға бір балл, көп
болғанда, екі баллға дейін жетеді. Ауылды аймақтарда қарап байқаймыз, ол -
күрделі жұмыс. Үкімет саласына ұсынымызды бердік. Ол үлкен мекеме, қазіргі кезде қарастырып жатыр,
дұрыс өзінің қолдауын тапса, 2 жылдың ішінде салып бітеміз.
Айгүл ЕРМАХАН