Алматылық
оқушылардың ата-аналары, аптаның 5 күніне ғана оқыту стандарты енгізілсе, дейді.
Бұл бастаманы сарапшы-психологтар да қолдап отыр. Олардың пайымынша, қазіргі оқу
жүйесі балаға үлкен салмақ түсіреді. Білім беру мекемелерінің басшылары жаңашылдықты енгізуде асықпауға кеңес береді. Оны әбден зерделеп, зерттеп
енгізу қажет деп отыр.
Бес күндік оқу апталығы туралы ұсыныс бұған дейін де көп айтылған еді. Бірақ оқу бағдарламасындағы жүктеменің көптігіне байланысты, пәндерді оқу апталығының
бес күніне сыйдыру мүмкін болмайды деген желеумен қолдау таппаған болатын. Бұл
жолы бастаманы министрдің өзі ұсынды. Ата-аналар да оны қолдай кетті.
Әсем
Зиналиева, ата-ана:
Әрине,
бес күндік деген өте ыңғайлы. Өйткені ата-аналар бәрі жұмыста. Сенбі және
жексенбі күндері үйлерінде болады. Сол кезде балалар қасында болып, апаратын
өздерінің қосымша сабақтарына, кружоктарына апарғылары келеді балаларын.
Ержан
Жұмаханов, ата-ана:
Балалар
біліммен қатар, қосымша сабақтарына бара алады. Ағылшын тіліне. Мәдениет туралы
кішкене театрға барып, спортқа қатысып. Сол ретте өте жақсы.
Психологтар
да бүгінгі оқушылардың психологиялық, физиологиялық шаршайтындарын айтады.
Өйткені бала жан-жақты болуы үшін пәндерді тереңдетіп оқуға мәжбүр.
Алтынай
Қосбергенова, психолог:
Информацияны
бала миына сіңіру үшін, белгілі бір уақыт керек. Сондықтан бұл бескүндік оқу
жүйесі шынымен де баланың сол уақытқа дейінгі бес күнде алған білімін талқылауына, жадына
орналастыруына көмектеседі деп ойлаймын.
Мектеп
директорлары да бұған қарсы емес. Бірақ әр мектептің оқу жоспарын, ал көбісінің
екі ауысыммен оқитынын ескеру керек, дейді.
Рәхима
Сәкенова, Алматы қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназияның директоры:
Біз
оқу жоспарын орындауымыз керек. Онда негізгі пәндер бар. Мектеп компоненті бар.
Оқушы компоненті бар. Және баланың бейімі мен сұранысына байланысты құралған
сабақтар бар. Мұның бәріне үкімет ақша төлейді. Мұның барлығы орындалуға
тиісті. Біріншіден, оны орындау үшін біз бір ауысымдық жүйеге көшуіміз керек.
Мысалы, бір күнде алты сағат қойылады. Ал біздің сағаттарымыз 8-9 сағатты құрап
отыр. Ал екінші ауысымдағы балалар қашан, қайда оқиды?
Биыл Білім және ғылым министрі жаңа стандартты 1 қыркүйектен бастап ел
аумағындағы 30 мектепке бес күндік оқыту жүйесіне көшкенін мәлімдеді. Егер бұл
тәжірбие оң нәтиже берсе, алдағы уақытта барлық мектептер жаңа бағдарламаға
көшпек.
Самат ҚАНАҒАТОВ