Adv pic
$476.89 €505.27 ₽4.95
×

Қазақстан аумағындағы АЭС құрылысын Ресейден басқа мемлекеттер жүргізуі мүмкін

AstanaTV
21.11.2014ж. 13:00
1309
Қазақстан аумағындағы АЭС құрылысын Ресейден басқа мемлекеттер жүргізуі мүмкін

Қазақстан аумағындағы атом электр стансасы құрылысын Ресейден басқа да мемлекеттер жүргізуі мүмкін. Бұл туралы «Астана» телеарнасына Энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қазіргі таңда атом электр стансасын салатын екі алаң зерттеліп жатыр. Біріншісі еліміздің батысында, екіншісі - шығыс өңірде. «Егер құрылыс шығыста басталса ғана, ресейлік тарап тартылуы мүмкін. Ал АЭС-ті батыс өңірде салу туралы шешім қабылданса, оның құрылысына өзге мемлекеттер тендер арқылы тартылмақ», - деді Школьник.

Былтыр Мемлекет басшысы Қазақстанның екі АЭС салуға қауқары бар деген. Министр әзірге біреуінің құрылысы туралы айтып отыр. Негізінен энергия еліміздің оңтүстігі мен батысында тапшы. Сондықтан сарапшылар АЭС-ті батыста салған қисынды деп есептейді.

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:

Две площадки изучаются.

Если 
в ВКО, тогда будет строить Россия, если в другом месте, то - другие, да?

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:  

Предполагается так.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ