$519.64 €609.23 ₽6.62
×

Американың киноакадемиясы «Оскар» төңірегіндегі даудан соң құрамын өзгертпек

AstanaTV
19.01.2016ж. 20:00
1662
Американың киноакадемиясы «Оскар» төңірегіндегі даудан соң құрамын өзгертпек

АҚШ киноөнер академиясы құрамын өзгертпек. Бұған нәсіларалық негізде «Оскар» сыйлығының төңірегінде туындаған дау себеп. Яғни 20 жылдың ішінде бір де бір қара нәсілді адам «Оскар» сыйлығын алмаған. Рейтерстің хабарлауынша, академия бастығы Шерил Бун Айзекс алда үлкен өзгерістердің болатынын айтқан.

Қара нәсілділер тек қонақтарды қуантып, статуэткаларды таратумен шектеледі. Ал «Оскар» олар үшін қолжетімсіз деген пікірін білдірген Уилл Смиттің жұбайы актриса Джада Пинкетт-Смит. Оған бірқатар қара нәсілді режиссерлер мен әртістер қосылды. Сөйтіп, олар 29 ақпанда өтетін марапаттау рәсіміне бойкот жариялаған. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ