Adv pic
$477.57 €503.22 ₽4.92
×

Айыптаушы тарап Ерлан Арынды 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр

AstanaTV
25.11.2014ж. 13:00
838
Айыптаушы тарап Ерлан Арынды 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр

Ертең қарашаның 26-сы күні Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынға қатысты сот үкімі жарияланады. Бүгін өткен сот отырысында тараптарды тыңдаған судья осындай шешім шығарды. Бүгін Павлодар облыстық мамандандырылған сотында тараптар сөз жарыстырды.

Мемлекеттік айыптаушы экс-әкімді 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұраған. Сот залынан меншікті тілшіміз хабарлағандай, прокурор бұрынғы әкімнің жеке мүлкін тәркілеп, 7 жылға мемлекеттік қызметтен шеттетіп, қатаң тәртіпті колонияға қамауды алға тартты. Ал экс-әкімнің адвокаты кінәнің барлығын Арын басқарған әкімдік аппаратының бұрынғы жетекшісі Бақұстар Сапаровқа жауып отыр.

Еске салсақ, Ерлан Арынға алаяқтық, пара алып, қаражатты заңдастыру деректері бойынша айып тағылды. Айыпталушы тағылған кінәсын мойындаған жоқ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ