Гонконг
билігі 2 ай бойы тұрған бөгеттерді бұза бастады. Көтерілісшілер тарапынан
қандай да бір тосқауыл болмас үшін, бұзу жұмыстары сот және полиция қызметкерлерінің бақылауына алынды. Құқық қорғаушыларға бөгет
жасамақ болғандарды қамауға алу пәрмені де берілген. Алайда, бас көтерушілер жағынан тәртіпсіздіктер байқалған жоқ.
Бөгеттерді бұзу жұмыстары Гонконгтағы кейбір аудандарда өткен аптада басталған.
Дәл осы көшелерде көтерілісшілер билікке қарсы шыққан еді.
Еске салсақ,
қыркүйек соңында наразылық білдірушілер бизнес орталықты басып алып, Occupy
Central акциясын бастады. Олар Гонконг мэрін сайлау құқын талап еткен болатын.
Наразылық акцияларының салдарынан ондаған адам тұтқынға алынып, жүздеген адам
жеңіл жарақат алды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА