$485.11 €523.82 ₽5.02
×

«Самұрық-Энерго» компаниясы Ресейге электр энергия экспортын тоқтатты

AstanaTV
26.11.2014ж. 20:00
1316
«Самұрық-Энерго» компаниясы Ресейге электр энергия экспортын тоқтатты

«Самұрық-Энерго» Ұлттық компаниясы Ресейге электр энергия экспортын тоқтатты. Себебі Ресей рублінің девальвациясына байланысты отандық кәсіпорындарға көршіге қуат көзін сату тиімсіз болып отыр. «Екі ел арасындағы келісімшарттар рубльге байланғандықтан, оның құнсыздануы қазақстандық компанияларды шығынға итермелеп отыр», - деді компания басшысы.

Алмасадам Сатқалиев, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы:

Рубль девальвациясына байланысты біз қарашаның 24-інен Ресейге электроэнергия тасымалын тоқтаттық. Біздің станцияларымыздың Ресей сынды нарықтан қағылуы шынымен өндірістік бағдарламаларды іске асыруда айтарлықтай кедергі болары сөзсіз.

Ал «Шығыс Қазақстан өңірлік электр желілері компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Шығыс энерготрейд» серіктестігі ақыры жекенің қолына өтетін болды. Жуырда Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі аталмыш нысандарды жекешелендіруді тоқтата тұру туралы өтінішпен үкіметке хат жолдаған. «Астана» телеарнасының тілшілері қойған сауалға жауап берген Алмасадам Сатқалиев аталмыш нысандар жекешелендіруге жататын тізімде қалдырылғанын мәлемдеді. Сондай-ақ ол жекешелену тізімінде болған «Қапшағай» су электр станциясының тағдыры туралы да тоқталды.

Алмасадам Сатқалиев, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы:

Алматы электр станцияларын жекешелендіруге дейін «Қапшағай» су электр станциясын «Самұрық-Энерго» иелігіне өткізу туралы шешім қабылданды. Осылайша мемлекет стратегиялық маңызды нысанды өз қарамағында қалдырды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ