Adv pic
$474.47 €503.51 ₽4.88
×

Қазақстан аумағында күн суытады

AstanaTV
26.11.2014ж. 20:00
916
Қазақстан аумағында күн суытады

Қазақстан аумағында аяз күшіне мінгелі тұр. 27-29 қарашада қатты аяз болады, кей жерлерде Цельсий бойынша минус 35 градусқа дейін суытады. Бұл «Қазгидромет» болжамы.

Синоптиктер болжамынша, 27
қарашада батыс аймақтардан бөлек, елдің бүкіл дерлік аумағында қар жауып, солтүстікте боран тұрады, желдің жылдамдығы секундына 13-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Республиканың оңтүстігінде тұман түсіп, жер тайғақ болады. Ал екі тәуліктен кейін ауа температурасы тағы да 22-27 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде -30, -35 градус аяз болады, оңтүстікте нолден 10-20 градусқа төмендейді. Синоптиктер осы кезеңдегі ауа райы үшін бұл температура климаттық нормадан 3-8 градусқа төмен екенін хабарлады. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ