$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Кәріз құбырын жөндеп жатқан қостанайлық жұмысшылар опырылып құлаған топырақтың астында қалды

AstanaTV
28.11.2014ж. 10:00
1206
Кәріз құбырын жөндеп жатқан қостанайлық жұмысшылар опырылып құлаған топырақтың астында қалды

Қостанайда кеше кешқұрым оқыс оқиға болды. Шаһардағы Алтынсары - Фролов көшелерінің қиылысындағы кәріз құбырын жөндеп жатқан жұмысшылар опырылып құлаған топырақтың астында қалды. Әзірге белгілі болғаны: жұмысшылар 8 метрге жуық тереңдікте қазылған кәріз құбырларын жөндеп жатқан. Кенеттен  топырақ үйіндісі құлап, салдарынан үш адам зардап шегіпті.

Жарақат алған жұмысшының біреуі дін -аман. Ол дереу ауруханаға жеткізілді. Ал қалған екеуінің хал-жағдайы белгісіз. Тиісті мекеме өкілдері ресми ақпарат беруден бас тартты. Дегенмен жергілікті басылымдар, зардап шеккен жұмысшылар «Балқаш Құбыр монтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейді, деген ақпарат таратып үлгерді.

Заңғар САНАЙ