$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Германияда «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян.» атты кітабының тұсаукесері өтті

AstanaTV
27.11.2014ж. 20:00
1989
Германияда «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян.» атты кітабының тұсаукесері өтті

Германия астанасы Берлинде Махмұт Қасымбековтің неміс тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян.» атты кітабының тұсаукесері өтті. Берлин-Бранденбург ғылым академиясының ғимаратында өткен кездесуге Германияның көрнекті мемлекет қайраткерлері, саясаттанушылары, сондай-ақ Қазақстаннан қоныс аударған немістер мен қазақ диаспорасының өкілдері және студенттер қатысты. Ал Қазақстан тарапынан кітапті таныстыруға авторы Махмұт Қасымбеков, Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл бастаған делегация барды.

Кітап Елбасының жастық шағынан бастап, ұлт көшбасшысына дейінгі өмір жолы жайында баяндайды. Еңбектің басым бөлігі Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси өмірбаянына арналған. Мұнда жеке құжаттардың көшірмелері де ұсынылды. Кітап 2012 жылы жарық көрген. Бүгінде ол орыс, ағылшын, араб және венгр тілдеріне аударылып, жарық көрді. Венгр тіліндегі нұсқасы Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігінің қолдауымен жарық көрді. Неміс тарапы Елбасының «Нұрлы жол» Жолдауының мақсаттары мен талаптарына жоғары баға беріп, Германия үшін Орталық Азия аумағындағы Қазақстанның стратегиялық маңызын айрықша атап отыр.  

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА