$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Франция тұрғындарының жартысынан көбі биылғы жаңа жылдық мейрам шығындарын азайтпақ

AstanaTV
28.11.2014ж. 10:00
1460
Франция тұрғындарының жартысынан көбі биылғы жаңа жылдық мейрам шығындарын азайтпақ

Франция тұрғындарының тең жартысынан көбі биылғы жаңа жылдық мейрам шығындарын азайтпақ. Бұл туралы «Le Monde» газеті жазды. Француздықтар мейрамға орташа есеппен 518 еуро жұмсауға әзір. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға аз. Өткізілген сауалнама нәтижесінде тұрғындардың шығыны көбінесе сыйлықтармен байланысты екендігі анықталған.

Француздықтар сый-сияпатқа болжаммен 303 еуро ғана жұмсамақ көрінеді. Әйтсе де жұртшылықтың 21 пайызы жақын туыс-туғандары, достары мен таныстарына базарлықтар алмайтындықтарын айтқан. Мерекелік үстелге кететін шығын 168 еуроны құрамақ. Ал көңіл көтеруге жұмсалатын шығын 48 еуродан аспайды. Сауалнамада француздықтар сүйікті сый-кәделері - кітап пен ақша екендігін жазған. Компьютерлер мен ноутбуктер сүйікті сыйлықтар қатарында оныншы орында тұр.

Жұрағат БАМАН