$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Сарапшылар саяси элитаның жаңаруын құптайды

AstanaTV
21.01.2016ж. 20:00
2203
Сарапшылар саяси элитаның жаңаруын құптайды

«Президент саяси элитаның қайта жасақталуына тамаша мүмкіндік берді». Елбасы үндеуіне қатысты сарапшылар осындай пікірде. Айтуларынша, жаһандық үдеріс кезеңінде билік саласы өкілдері құрамының жаңартылуы халық мүддесіне сай келеді. Әрі бұл қадам Парламент жұмысының сапасын арттырады деген сенімде.

Андрей Чеботарев, «Альтернатива» өзекті зерттеулер институтының директоры:

Біз депутаттардың бастамасына деген саяси партиялардың ынта-жігерін аңғарып отырмыз. Қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың пікірлеріне қарасақ, сайлауды мерзімінен бұрын өткізу қазір анағұрлым тиімді болмақ. Еліміздің саяси жүйесінің негізгі тетігі ретінде Парламентті жаңартуға қоғам мен биліктің өзі мүдделі. Ол дегеніміз, жаңа депутаттар келіп, тың идеялар көбейеді. Олар жаңа заң жобаларында көрініс тауып, жұмыс сапасын артырады.

Данияр Әшімбаев, саясаттанушы:

Менің ойымша, президент дұрыс қадам жасады, депутаттардың бастамасын қолдауы оңды шешім. Президент саяси элитаның қайта жасақталуына мүмкіндік берді. Қалай дегенмен де Парламент мемлекетті басқарудың негізгі тетігі ғой. Парламент дегеніміз жай ғана бір партия мүшелері емес, ол қоғамның пікірін білдіретін халықтың таңдаулы азаматтары. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА