$530.24 €543.97 ₽5.16
×

Шымкентте бұрынғы сотталғандарға арналған орталықтарға ақша бөлінгенімен, олар жұмыс істемейді

AstanaTV
09.12.2014ж. 10:00
1561
Шымкентте бұрынғы сотталғандарға арналған орталықтарға ақша бөлінгенімен, олар жұмыс істемейді

Шымкентте жазасын өтеп шыққандарды әлеуметтік бейімдеу орталығы тиісті міндетін өз деңгейінде атқарып отырған жоқ. Мемлекеттік мекемеде тексеру жүргізген прокуратура  өкілдері осындай қорытындыға келді.

Үш жыл бұрын ашылған орталықта 32 қызметкер жұмыс істейді. Содан бері бұл мекемеге жалақы мен өзге де қажеттіліктерге қазынадан 70 млн-дай қаржы жұмсалған. Бірақ, нәтиже  шамалы. Прокурорлар небәрі 124 азаматқа көмек көрсетілгенін анықтады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы түрмелерде 3 мыңға жуық сотталушы жазасын өтеуде. Абақтыдан босаған әрбір он адамның тоғызы әлеуметтік қиындықтарға тап болады екен. Яғни, бостандыққа шыққасын  олардың қоғамға бейімделуіне осындай орталықтар керек.

Ерлан Мұқатаев, ОҚО прокурорының аға көмекшісі:

Біз қала әкімінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгіздік. Ол ұсыныста общежитие ашу мәселесін шешумен қатар, осы орталықта істеп жатқан адамдардың  санын қайта қарау, себебі, 32 адам үш жылда 124 адамға бары-жоғы көмектескені ол аз деп есептейміз. Нәтижесінде осындай шара қолданамыз, мемлекеттік қаржыны дұрыс қолдану.

Ал, орталық қызметкерлері өздеріне шаң жуытар емес. Осы уақытқа дейін 209 азаматқа көмек көрсетілді, биылдың өзінде жазасын өтеп шыққан 23 адамның жұмысқа орналасуына қол ұшын бердік, - дейді. Тіпті, «түрмеден босап шыққандарды өзіміз іздеп тауып, осында шақырамыз» деп ақталды. Ал, жатақхана  жайынан тиісті орындар хабардар. Әкімдіктен хабар күтіп жүрміз, дейді орталықтағылар.

Нұрлан Аулабеков, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының заңгері:

Жатақхана болатын болса, келген адамдар барлығы осында келіп, өздері іздеп келеді адамдардың, жатақханасы бар ғой деп. Үйлері жоқ. Өздеріңіз білесіздер, түзеу мекемесінен шыққаннан кейін олар баратын жерлері жоқ. Сол кісілерді осы жерге әкеліп, олармен өзімізше бейімдеп оларды, осы ортаға қайта қосатын болсақ, оның өзі нұрдың үстіне нұр болмай ма бізге.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ