Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстандық теннисші келісілген матчқа қатысы бар спортшылардың қара тізіміне енген

AstanaTV
21.01.2016ж. 20:00
1496
Қазақстандық теннисші келісілген матчқа қатысы бар спортшылардың қара тізіміне енген

Қазақстанның теннисшісі келісілген матчқа қатысы бар спортшылардың қара тізіміне енген. Күдіктілердің толық тізімін голландиялық Show Legend спорттық басылымы жариялады.

Қара тізімдегі 15 спортшының қатарында қазақстандық Андрей Голубев те бар. Сонымен қатар, олардың арасында әлемдік теннисшілердің үздік ондығында орын алған бұрынғы австралиялық теннисші Лейтон Хьюитт және сербиялық Янко Типсаревич та тұр.

Басылым өз дереккөзіне сүйеніп, тізімдегі барлық спортшылардың айыптылығы анықталмағанын атап өткен. Еске салсам, осыдан үш күн бұрын келісілген матчтарға қатысы бар деп танылған спортшыларға жарыстарға қатысуға рұқсат берілді деген ақпарат шыққан болатын.

Берік ХАСЕНОВ