Бірнеше
апта ішінде теңге мен рубльдің АҚШ валютасына
шаққандағы бағамы тұрақтауы мүмкін. Одан соң ғана елдің экономикалық дамуын
ұзақ мерзімге жоспарлауға болады. Бұл туралы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Риа Новости
ақпараттық порталына берген сұхбатында мәлімдеді.
Премьер-министрдің айтуынша,
теңге бағамының тұрақсыздығына мұнай мен рубль бағасының құбылуы әсер етіп
отыр. Сондай-ақ премьер үкімет мұнай бағасы 16 АҚШ валютасына түскендегі сценарийді де қарап жатқанын
мәлімдеді.
Кәрім
Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:
«Біз
2016 жылғы бюджетті мұнай бағасының баррелі 40 АҚШ доллары есебімен
жоспарладық. 30, 25, 20 және ең төменгі 16 доллар болғандағы сценарийді де
қарастырдық. Біз бұл сандарды сынақтан өткізіп жатырмыз. Қазір асығыс-үсігіс
шешім қабылдау ерте. Әлі бірнеше апта күте тұру керек. Қандай жағдайда
тұрақтайтынын қараймыз, содан соң ғана түзетулер жасаймыз».
Бюджет
қысқаруы мүмкін бе деген сұраққа Кәрім Мәсімов, ол ақпанда белгілі болады, деп
жауап қатқан. Ол кезде басталмаған жобалар кейінге шегерілмек.