$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Венгрияда хоккейден әлем біріншілігінде Қазақстанның ескі әнұраны шырқалды

AstanaTV
15.12.2014ж. 13:00
1454
Венгрияда хоккейден әлем біріншілігінде Қазақстанның ескі әнұраны шырқалды

Қазақстанның әнұранына қатысты кезекті дау. Венгрияда хоккейден өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде тағы да ескі әнұран шырқалды, деп жазады «Вести.kz».

Келеңсіз оқиға чемпионатты ұйымдастырушылардың кінәсінен орын алуы ықтимал. Қазақстандық делегация жарыстың алдында оларға қазіргі әнұран жазылған таспаны ұсынған. Бірақ, отандастарымыз Украина құрамасын ұтқаннан кейін белгісіз себептермен ескі әнұран ойналды. Бұл мәселе турнир басшылығының отырысында көтерілмек.

Еске салайық, мұндай келеңсіздік алғаш рет болып отырған жоқ. Бұған дейін Оңтүстік Корея жерінде де біздің жеңістен кейін бұрынғы әнұран ойналған. Сол кезде ұйымдастырушылар бар кінәні техникаға жауып, кешірім сұрап құтылған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ