Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қытай өндіріс қуаты жоғары ондаған кәсіпорынды Қазақстанға көшіруді ұсынды

AstanaTV
15.12.2014ж. 20:00
947
Қытай өндіріс қуаты жоғары ондаған кәсіпорынды Қазақстанға көшіруді ұсынды

Қытай өндіріс қуаты жоғары ондаған кәсіпорынды Қазақстанға көшіруді ұсынды. Оның ішінде құрылысқа қажетті шыны мен цемент шығаратын зауыттар да бар. Осылайша қос ел шикізаттық емес секторда тығыз байланыс орнатуды көздейді. Бұл туралы Астанада өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер Үкімет басшыларының кеңесінде Қытай мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян мәлім етті.

Сондай-ақ, Аспан асты елі Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдеріне ауыл шаруашылығы технологиясын таратып, маман дайындауға 50 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді. Бұған қоса, көрші ел денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша қоян-қолтық жұмыс істеуге бейіл танытып отыр.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Екі жақты кездесу кезінде, жоба ретінде ҚХР Қазақстан Үкіметіне шикізаттық емес секторда өндіріс орындарын Қазақстан аумағына көшіруді ұсынды. Қытай бізден бастап кейін өзге де Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдеріне шығуды жоспарлап отыр. Бұл ондаған кәсіпорын ашылып, миллиардтаған қаржыға келісімшарт жасалады деген сөз. Біз бастаманы қуана қабыл алдық. Экономикалық тоқырау кезінде мұны тиімді ұсыныс деп ойлаймыз.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ