Шетелдiк
байқаушыларды тіркеу 14 наурызға дейiн жүргiзiледi. Бұл жөнiнде Орталық сайлау
комиссиясының отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесi Татьяна Охлопкова
мәлiмдедi. Арнайы қабылданған қаулыға
сәйкес, шет елдік байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдері, жеке басын куәландыратын құжатын
көрсеткен жағдайда, бiр аудармашыны ертіп жүре алады. Сондай-ақ, ол шетелдiк
журналистер біздің Сыртқы iстер министрлiгi берген куәлiгiн көрсетіп, сайлауға
байқаушы ретінде қатыса алады. Оларды шақыртуға Сыртқы істер министрі мен
Орталық сайлау комисиясының төрағасы ғана құқылы. Орталық сайлау комиссиясы
бүгінде 18 мемлекетке шақырту жолдаған.
Татьяна
Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Біз
бекіткен қаулыға сәйкес халықаралық байқаушылар аудармашылаымен бірге сайлау
комиссиясы басқа да мемлекеттік ұйымдардың жұмысына кірісе алады. Аудармашы
Қазақстан азаматы болуы да мүмкін. Бастысы жеке бас куәлігі болуы қажет.
Парламенттен
көрінгісі келетін әрбір партия тізімді 98 кандидатқа дейін жасақтай алады. Ал
депутаттық мандат бөлісудің өз ережесі бар. Қалай болғанда да, 7 пайыздық межені еңсерген кез келген партиядан кемінде
7 адам төменгі палатадан ойып тұрып орын алады. Оған қоса, адам басына төленген
342 мың теңге сайлау жарнасы олардың қалтасында қалады.
Владимир
Фоос, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Бұл
қаражат жұмсалмайды. Депозитте жатады. Кейін 7 пайыз дауыс жинағандарға кері
қайтарылады. Егер партия 7 пайыз жинаса, сайлау жарнасы түгелдей қайтарылады.
Егер кандидат депутат болса, оған да төлеген жарнасы қайтарылады. Қалған
жағдайда ақша республикалық бюджетке кетеді.
Сайлауға
түсетін кейбір партиялар съезд мерзімін белгілеп те үлгерді. «Нұр Отан»
партиясының сайлауалды құрылтайы 29 қаңтарда өтеді. Ал ақжолдықтар 3 ақпанға
белгілеген.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ