Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ресейге арзан тауарға барған оралдықтар шекарада сағаттап тұруға мәжбүр

AstanaTV
18.12.2014ж. 10:00
1149
Ресейге арзан тауарға барған оралдықтар шекарада сағаттап тұруға мәжбүр

Қазақ-Ресей шекарасының Батыс Қазақстан облысындағы тұсында көлік кептелісі орын алды. Қарсы бетке өту үшін кезегін сағаттап күтіп, жүйкесі жұқарғандар шекарашылардың қызметіне көңілдері толмайтындарын жеткізуде.

Оқиға орнында болып қайтқан тілшіміздің айтуынша, ұзын сонар кезекте тұрғандардың дені - оралдықтар. Олар рубль бағамы төмендегесін, көршілерге арзан тауар іздеп ағылған. Олар Ресейден автокөлік, киім-кешек, тіпті азық-түлік сатып алыпты. Бірақ, өздері секілді жолаушылардың көптігінен шекарада сағаттап кезекте тұруға мәжбүр.

Ал мереке күндері бұл жерде кептелген көліктердің қатары 400-ге дейін жетті. Шекара қызметінің жайбасарлығына наразылығын білдіргендер өткізу бекеттеріндегі тексеруші қызметкерлердің санын көбейту керектігін айтады.

Мейрам Ахметкереев, көлік жүргізушісі:

Россиядан жетіп келесің күн жарымда Москвадан. Мұнда келіп, 3-4 сағат тұрамыз мына 60-70 шақырым жерге жете алмай. Пересменка дейді, обычно бізде осылай Қазақстанда постоянно болады. Россиядан жылдам өтеміз, мұнда осылай жиналып тұрамыз. Қазір келдік, осыдан екі сағат кәмілі тұрамыз. Шекара керек конечно, мынадай задержка діңкеңді құртады ғой, 3-4 сағат тұрғасын жалығып кетесің ғой енді. Рубль түсіп жатыр, тасып жатырық Қазақстанға, өзіміздің елге. Бәрі привозной ғой енді мұнда.

Айта кетелік, оралдықтар қараша айынан бері Ресейге ағылуды әдетке айналдырды. Бұған басты себеп - Ресей рублі бағасының арзандауы. Рубльдің еліміздің Ұлттық банкі бекіткен ресми бағамы бүгінде 3 теңге 11 тиынды құрайды.

Еркін ҚАРИН

Алдыңғы жаңалық