Белгісіз
ауруға шалдығып, бірінен-соң бірі ұйқыға кетіп жатқан Калачи ауылының
тұрғындары 2015 жылдың ортасында көшіріледі. Оның өзінде ақша бөлінсе ғана.
Бүгінде осы мақсатқа 2 млрд теңге керек екен. Бұл туралы Орталық
коммуникациялар қызметінде есеп берген Ақмола облысының әкімі айтты.
Сергей
Кулагин бұнымен қатар Қоянды ауылындағы басып алынған жерлердің
заңдастырылатынын жеткізді. Журналистерді Астанаға іргелес жатса да, су мен
жарыққа жарымай отырған ауылдар тағдыры да алаңдатты. Барлық сұраққа мүдірмей
жауап берген Кулагин 26 жасында әкім болған өзінің ұлына қатысты сауалға да
жауап берді. Әкім есебін Айгүл Әдепбай тыңдады.
Сергей
Кулагин есебінің әлқиссасын бастағаны сол еді, сөзін бөлуіне тура келді.
Это
не я виноват, это происки чьи-то.
Ақмола
облысының әкімі журналистер алдына тыңғылықты дайындалып келген. Тіпті
тілшілердің қандай сұрақ қоятынын да болжағаны байқалады. Дегенмен Қояндыда
басып алынған жерлерге қатысты жауап беруге келгенде,
аздап қобалжығандай болды әкім.
Сергей
Кулагин, Ақмола облысының әкімі:
Это
один из самых 3 актуальных вопросов - Калачи, Қоянды и Атбасар.
Осылай
деген облыс басшысы Қояндыда басып алынған жерлердің заңдастырылатынын
мәлімдеді. Алайда бірнеше үйі бола тұра, жерлерді заңсыз басып, кейін саудаға
салғандар дәмеленбесін. Әркімнің мәселесі зертелетінін айтты өңір басшысы.
Сергей Кулагин Қояндының бас жоспарын да ала келіпті. Қанша үйдің сүрелетінін,
қаншасының қалатынын тәтпіштеп, көрсетіп
берді. Және бұдан былай жер телімдерін заңсыз басып алуға жол бермейтінін
айтты.
Сергей
Кулагин, Ақмола облысының әкімі:
Міне
83 тұрғын үй бар. Оның 38-і бас жоспарға сай. Олар сүрілмейді.
Ал мына 45 үй бас жоспарға сай емес. Ең басты проблема сол. Ол үйлер жол
бойында тұр. Егер біз оларды көшірмесек, инженерлік коммуникацияларды тарта
алмаймыз. Жарық та, су да, жол да болмайды. Бұл адамдарға бізді түсініп,
шешімімізді қабылдау керек. Олардың жерін қалдырамыз. Сол өз жер телімінде
қалып, үйін жерінің басқа бөлігіне көшірсін. Бірақ бұл заңсыз алынған 194 жер
теліміне ғана қатысты. Ал егер 195-ші учаске пайда болса, оны бірден сүріп
тастаймыз.
Журналистерді
алаңдатқан келесі мәселе - ұйқыға кеткен Калачи ауылы. Дәл бүгін тағы төрт адам
«ұйқы ауруына» шалдықты. Әкім тұрғындарды көшіру керек дейді. Алайда осы мақсатқа
2 млрд теңге керек. Ол әлі бөлінген жоқ. Қатерлі ауылдан халық тек 2015 жылдың
екінші жартысында, қаржы бөлінсе ғана, көшіріле
бастайды.
Сергей
Кулагин, Ақмола облысының әкімі:
Аурудың
себебі әлі анықталған жоқ. Мен тұрғындарды
көшіру тарулы шешім қабылдадым. Бірақ көшуге халықтың 70 пайызы ғана келісті.
Жақын маңда Красногорск ауылы бар. Ол жерден 220 отбасын көшірдік. Ал Калачиде
223 отбасы отыр. Онда 106 бала бар. Біз бірінші кезекте балалары бар
отбасыларын көшіреміз. Тұрғындарды аудан орталығы мен Державин кентіне
қоныстандырамыз.
Әкім
Қорғалжын
қорығындағы браконьерлермен де күресіп жатқан көрінеді. «Астана»
телеарнасы Теңіз көліндегі сирек кездесетін артеми шаяндарының уылдырықтары
ұрланып жатқанын айтып, проблеманы көтерген еді. Алайда Сергей Кулагин аталмыш
проблемадан хабардармын десе де, хабары шамалы сияқты көрінді.
Сергей
Кулагин, Ақмола облысының әкімі:
Браконьерлермен
күресіп жатырмыз. Шара қолданамыз. Уылдырықты қайда жіберетінін білмеймін. Сата
ма? Жақсы осы сұрақпен айналысамыз.
Журналистер
Сергей Кулагиннен 26 жасында Астана қаласы Алматы ауданының әкімі болған ұлы
Павел Кулагиннің ерте басшы атануының сырын да сұрады. Алайда бұл сұраққа әкім ерте емес деп жауап
қатты. Сіздер тек Кулагинді байқап қалдыңыздар ма деген әкім,
26 жасында өзінің басшы болғанын, қарапайым сауыншының баласы екенін есіне алып
ағынан жарылды.
Айгүл
Әдепбай, тілші:
Осылайша,
бір жарым сағатқа жуық журналистер мен камералар назарында болған әкім барлық
сұраққа жауап тапты. Сергей Кулагин сонымен қатар жұмыс істемеген қол астындағы
қызметкерлерін әлі де қысқарта беретінін айтты. Ол басшы болып тағайындалған
мамыр айынан бері 10 шенеунік кеткен қызметінен. «Алайда
бұл командалық көшу емес, міндетін тиісті деңгейде атқармағандар, жылы
орындарымен әлі де қоштаса береді», - деді әкім.
Осылайша,
Сергей Кулагин Орталық
коммуникациялар қызметіндегі облыс әкімдерінің есебін жапты.
Айгүл ӘДЕПБАЙ