$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу келісім

AstanaTV
25.12.2014ж. 13:00
2477
Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу келісім

Үкімет жұмыс берушілердің алдына үлкен міндеттер жүктеп, еңбек дауларының туындамауын, жұмысшылардың негізсіз қуылып, жұмыс орындарының қысқармауын қамтамасыз етпек.

Осы орайда бүгін Үкімет, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері 2015-217 жылдарға арналған келісім-шартқа қол қойды. Құжатты дайындауға кәсіподақтар федерациясы, Қазақстанның еңбек конфедерациясы, еркін кәсіподақтар конфедерациясы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтары қатысты.

Ең бастысы, аталмыш келісім-шарт еңбек дауларының алдын алып, жұмысшылардың құқын қорғауды мақсат тұтады. Сонымен қатар, құжат халықты жұмыспен қамтып, еңбек өнімділігін арттыруға және әлеуметтік әріптестікті дамытуға негіз болмақ.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Бұл құжатта еңбек және әлеуметтік салалардың барлық бағыты көрініс тапты.
Келісім әлеуметтік-экономикалық міндеттерді негізге ала отырып құрылды. Бас келісім-шарт кәсіподақтар туралы қабылданған жаңа заң негізінде жасалып отыр. Алда жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы салалық немесе ұжымдық келісім-шарттарға осы бас шарт негіз болады деп күтеміз.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Бүгінгі келісім-шартта ең үлкен үш мәселені айта кеткім келеді.
Біріншіден, бірінші рет осы үш жылдық біздің келісім-шартқа республикада жұмыс істеп жатқан барлық республикалық деңгедегі кәсіподақ ұйымдары қатысып отыр. Екіншіден, бұл келісімге жаңа заң негізінде қол қойып отырмыз. Үшіншіден, бұл келісім-шарт барлық жұмыс берушілер, барлық жұмысшылар үшін бірдей міндетті болып есептеледі.

Айгүл ӘДЕПБАЙ