×

Грекияда паром өртке оранды

AstanaTV
29.12.2014ж. 10:00
997
Грекияда паром өртке оранды

Өртке оранған италияның «Норман Атлантик» паромында көмек күткен әлі 300-дей адам бар. Олар - жолаушылар мен экипаж мүшелері. Бұл жайында Италияның транспорт министрі Маурицио Лупи ақпарат құралдарына мәлім етті.

Оның айтуынша, құтқару шаралары жексенбі күні бойына, тіпті кешегі түнде де жалғасқан. Апатты кемеден шамамен 190 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Жедел іс-қимыл шараларына таяу маңда жүрген сауда кемелері, Италия мен Грекияның әскери тікұқшақтары жұмылдырылған. Алайда, қатты жел әуеден құтқаруға кері әсер етіп отырса керек.

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, су көлігі қызыл жалын құшағында қалып отыр. Өрттің неден шыққаны әзірге беймәлі. Дегенмен, тілсіз жау 200-ден артық көлік тиелген бөлігінен тұтанған.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ