Жезқазғанда теміржол қызметкерін атып
кетті. Екі автокөлікке мінген 5 адам «Қазақстан темір жолы» ұлттық
компаниясының жол бұрушы жұмысшысына оқ жаудырған. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлайды.
Қалалық прокуратураның дерегіне
сүйенген агентік, темір жолшының басы жараланғанын айтқан. Жасы жиырма шамасындағы жұмысшы Жезқазғандағы ауруханаға
жеткізіліпті.
Прокуратура мәліметі бойынша, оқиға
Жезқазған маңындағы Шұбаркөл ауылында болған. Қылмыскерлер
мінген екі көліктің де мемлекеттік нөмірі болмаған. Соған қарамастан полицейлер
автокөліктердің орнын анықтады. Тәртіп сақшылары 20 мен 27 жас аралығындағы
Жезқазған қаласының 5 тұрғынын күдікті ретінде ұстапты. Оның біреуі - қылмыстың
ұйымдастырушысы болғанын мойындаған. Теміржол қызметкеріне оқ атқандарға
қатысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге әрекет» бабы бойынша іс қозғалды.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ