$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Сауд Арабиясы билігі «қара алтын» баррелінің бағасы 40 долларға жеткенде, қандай да бір шара қолдануға көшпек

AstanaTV
29.12.2014ж. 10:00
1313
Сауд Арабиясы билігі «қара алтын» баррелінің бағасы 40 долларға жеткенде, қандай да бір шара қолдануға көшпек

Сауд Арабиясы билігі «қара алтын» баррелінің бағасы 40 долларға жеткенде, қандай да бір шара қолдануға көшпек. Бұл туралы америкалық энергетикалық Breitling Energy компаниясының бас директоры Крис Фолкнерге сілтеме жасап CNBC басылымы жазды.

Фолкнердің айтуынша, қазір Сауд Арабиясында онсыз да 2015 жылдың бюджеті 38,6 млрд долларға тапшылық тартып жатыр. Егер бұл сан 50 млрд долларға жетсе, билік мемлекеттік төлемдермен қамтамасыз етуде қиындықтарға тап болады.

Ал, жастар жалақыларының табан астында қысқартылуына шыдап отырмайды. Бағаның бірден құлдырауына қарамастан, саудтықтар әзірге, мұнай өндіру үлесін күніне 30 млн баррель көлемінде сақтап отыр. Жақында Сауд Арабиясының мұнай министрі Али аль-Нуйами, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мұнай бағасы, тіпті барреліне 20 долларға жетке де мұнай өндіру үлесін азайтпайды деген болатын. Соңғы апталарда мұнай бағасы шамамен барреліне 60 долларға дейін құбылып тұр.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ