$539.54 €637.09 ₽6.52
×

Елбасы 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегия туралы Жарлыққа қол қойды

AstanaTV
30.12.2014ж. 20:00
Елбасы 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегия туралы Жарлыққа қол қойды

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Стратегияның мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлде төзбеушілік» ахуалын қалыптастырып, кеселге қарсы күреске бүкіл қоғамды тарту. Құжат «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА