$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Ғ.Нығметов: Президент реформаларын жұмыла жүзеге асыруымыз шарт

AstanaTV
25.01.2016ж. 20:00
4501
Ғ.Нығметов: Президент реформаларын жұмыла жүзеге асыруымыз шарт

Мұнай бағасының көтерілгенін күтпей, индустрияландыру, шағын және жеке бизнесті дамыту керек. «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті Ғани Нығыметов БАҚ қызметкерлеріне осындай ойын жеткізді. Айтуынша, қазіргідей қиын экономикалық уақытта президент айқындаған реформаларды жұмыла атқаруымыз шарт. Сол үшін де мерзімінен бұрын Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауын өткізу өте орынды деді.

Ғани Нығыметов, ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:

Өз басым осы шешімді толық қолдаймын. Шынында да, президент айтып кетті, қазіргі уақытта, қиын кезеңде, дағдарыс кезінде біздің халқымыз бірге болып, науқандық кезеңді біржола созбай, сайлауды өткізіп, президент қойған реформаларды іске асыру үшін, толығымен кірісуіміз керек.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА