Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Атырауда бұйра бірқазандар жаппай қырылып жатыр

AstanaTV
17.04.2015ж. 20:00
1416
Атырауда бұйра бірқазандар жаппай қырылып жатыр

Атырау облысында аномалды жағдай тіркелді. Новинск зоологиялық қорында бұйра бірқазандар жаппай қырылуда. Құстардың басы жұлынған. Құрманғазы ауданы аумағында қорықта 70 бұйра бірқазанның өлексесі табылған. Бұл ақпаратты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы растады.

Мынау - оператор НСОС компаниясының тікұшақтан түсірген суреті. Компания сәуірдің 11-і күні тікұшақпен құстардың көктемгі есебін алуға шығып, оқыс оқиғаға тап болған. Оптикалық құралмен қарағанда, сирек кездесетін бұл құстардың бастары жоқ екендігі байқалыпты. Жағдайды жергілікті атқарушы органға хабарлаған. Бүгін таңертең орманшылар мен ветеринарлардан және экологтардан құралған арнайы топ оқиға орнына аттанып кетті. 

Мұрат Ермекқалиев, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

Қазір арнайы топ аталған аумаққа кетті. Басты қиыншылық - бұйра бірқазандардың өлексесі жатқан жерлер сулы-батпақты алқап болғандықтан, ол жерге жету қиын боп тұр. Біз 1 өзенге арналған кеме мен 2 таяз жерлерге арналған кеме бөлдік. Сараптама жасау үшін сынаманы Астана қаласына жібереміз. Кеше де Новинск зоологиялық қорығының үстінен ұшып өттік. Ол жерде ешқандай кен орны жоқ, мүмкін, зиянды заттардың кесірінен болуы мүмкін, нақты себебін айта алмаймын.

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ