Еуроодақ
Франциямен «нормандтық
формат»
негізінде қарым-қатынас жүргізуде. Алайда президент Франсуа
Олландтың Ресейге қатысты шектеулер туралы айтқан мәлімдемесі жайлы ауыз
ашпады. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлайды. «Астанада
украиналық жағдайды реттеуге арналған «нормандтық форматта»
өтетін саммитке қатысушы еуропалық сыртқы саясат қызметі Еуроодақ елдерімен
тығыз байланысуда»,
- деп Еуроодақ дипломатиясы басшысы Федерики Могеринидің ресми өкілі Катрин Рей
мәлімдеді.
Брюссельде өткен брифингте ол сондай-ақ, Франсуа Олландтың: «Астанадағы
саммит сәтті өткен жағдайда, Ресейге қатысты санкциялар тоқтатылуы мүмкін»,
- деген пікірін тек Париждің жеке ұстанымы екендігін, алға тартты. «Ал Еуроодақтың
позициясы өткен жылдың желтоқсанында қандай болды, сол қалпында қала бермек»,
- деді Катрин Рей.
15 қаңтарда Астанада Украина, Ресей, Франция және Германия
өкілдері бас қосады.
Жұрағат БАМАН