Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Джохар Царнаевтің ісі бойынша сот процесі бірнеше айға жалғасуы мүмкін

AstanaTV
06.01.2015ж. 10:00
973
Джохар Царнаевтің ісі бойынша сот процесі бірнеше айға жалғасуы мүмкін

Джохар Царнаевтің ісі бойынша сот процесі бірнеше айға жалғасады. Бұл жайында кеше басталған сот отырысында жария болды. 3-4 айға жалғасуы мүмкін сот процесі кеше басталды. Бірінші отырыста алқа билері таңдалды. 12 алқа биі мен қосымша тағы 6 үміткер тағайындалған. Ал Царнаевтің адвокаттары соттан процестің басталуын кейінге қалдыруды өтінген. Алайда өтініш қанағаттандырылмады. Сондай-ақ сот қорғаушы тарап сұраған отырыс орнын да өзгертпеді. Адвокаттар іс Коннектикут штатынан тыс жерде қаралуы тиіс деп есептейді. Себебі террорлық акт болған штатта айыпталушыға тым қатаң қарауы мүмкін.

Еске салайық, Джохар Царнаев ағасы Тамерлан Царнаев екеуі 2013 жылдың сәуіріндегі Бостон марафоны кезінде лаңкестік жасады деп айыпталуда. Джохардың өзі бұған дейінгі сот отырыстарында кінәсын мойындамады. Ал Тамерлан Царнаев терракттан кейінгі полициямен болған атыста қаза болды.

Марафон барысындағы жарылыс салдарынан 3 адам қаза тауып, 260 адамнан астамы түрлі жарақат алды. Джохардың өзі бұған дейінгі сот отырыстарында кінәсын мойындамады. Ал Тамерлан Царнаев терракттан кейінгі полициямен болған атыста қаза болды. Марафон барысындағы жарылыс салдарынан 3 адам қаза тауып, 260 адамнан астамы түрлі жарақат алды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ