Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Париж прокуратурасы «құрықтау операциясы кезінде адамдар көз жұмды» деген ақпарды жоққа шығаруда

AstanaTV
09.01.2015ж. 20:00
1177
Париж прокуратурасы «құрықтау операциясы кезінде адамдар көз жұмды» деген ақпарды жоққа шығаруда

Париж прокуратурасы «полицейлер жүргізген құрықтау операциясы кезінде адамдар көз жұмды» деген ақпарды жоққа шығаруда. Бұл жөнінде француздық басылымдар хабар таратты. Айта кетейік, бұған дейін Францияда теракт жасады деп күдікке ілінгендерді ұстау кезінде екі адам қаза тауып, тағы бірнешеуі жараланды деген ақпар тараған еді.

Франциядағы «Шарли Эбдо» басылымы редакциясында болған лаңкестік әрекет барысында 12 журналист көз жұмды. Бүкіл әлем осы қанқұйлы шабуылға қатысты француз жұртына қайғырып көңіл айтуда. Кеше Америка Президенті Барак Обама Вашингтондағы Франция елшілігіне барып қаза болғандарды еске алды. Германия канцлері Ангела Меркель де  елшілікке  арнайы барып, қайғыға ортақтасты. 


Ал Парижде қаралы күн. Шаһардағы әйгілі Эйфел мұнарасының шамдары сөндірілді. Француздар «Шарли Эбдо» журналын жаппай сатып алып, редакцияға қолдау білдіруде. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ