Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбе облысындағы тұрғын үйдегі жарылыста 6 адам жарақат алды

AstanaTV
09.01.2015ж. 20:00
878
Ақтөбе облысындағы тұрғын үйдегі жарылыста 6 адам жарақат алды

Ақтөбенің іргесінде Мағаджан орман шаруашылығы ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. 6 адам жарақат алды, оның біреуі - бала. Оқыс оқиға кеше кешкісін орын алды. Облыстық төтенше жағдай департаменті мамандарының алдын ала болжамы бойынша, апатқа газ баллоны себеп болуы мүмкін. Алайда көршілері: «Жарылысқа үй жылытатын газ қондырғысы себеп болуы ықтимал», - дейді. Олар: «Бұған дейін үй иесі қондырғыны жөндейтін адам шақыртқан», - деп отыр. Қазір баспананың бір жақ қабырғасы опырылып, терезелері сынған.

Әділбек Қазбеков, куәгер:

Жаңағы аяғы сынғанды мен алып шықтым. Сосын бірнеше жігіт келіп, ана көрші үйіне апарып тастадық. Сосын осылай мына жерде шамалы от болды. Өрт сөндірушілер келіп өшірді. Жедел жәрдем келді уақытында, өрт сөндірушілер, газ қызметі - барлығы келді. Құдайға шүкір, семьясының барлығы аман-сау, үстінде былай ожогы болғанымен.

Дәрігерлер денесін түрлі дәрежеде күйік шалған 6 адамның ауруханаға түскенін растады. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендер арасында 10 жас шамасындағы бала да болған.

Мұхтар Мырзабаев, Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасы дәрігері:

Жағдайлары өте ауыр барлығының да. Күйіктері өте жоғары. 50-60-70 пайыздан.

Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Жарылыстың нақты себебін сарапшылар алдағы уақытта анықтайтын болады. 

Аслан Тұрмағанбет, Ақтөбе қалалық ТЖБ бас маманы:

Өрттің алаңы 5 шаршы метрді құрады. Өрттің себебі мен шығын көлемі қазіргі таңда анықталуда.

Мансұр ЕСХОЖИН