Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

АҚШ-та қатпарлы мұнай өндіретін алғашқы компания банкрот болды

AstanaTV
09.01.2015ж. 20:00
947
АҚШ-та қатпарлы мұнай өндіретін алғашқы компания банкрот болды

АҚШ-та қатпарлы мұнай өндіретін алғашқы компания тақырға отырды. Техаста орналасқан кәсіпорынның қарызы 50 млн долларға жеткен. Жапон журналистері, аталмыш мұнай кәсіпорнының қарызға белшеден батуына соңғы айдағы мұнай бағасының құлдырауы себеп болды, деп жазады. Сондай-ақ олар, WBH Energy компаниясының ізін ала қатпарлы мұнай өндіретін өзге де кәсіпорындар банкрот болуы мүмкін деген, болжам жасайды.

АҚШ-тың солтүстігінде соңғы бірнеше жылда қатпарлы мұнай өндірісі кеңінен қолға алынған-ды. Бұл өндірісте, дәстүрлі қара алтын өндірісіне қарағанда, шығын аз жұмсалады. Алайда әлемдік мұнай нарығындағы тұрақсыздық қатпарлы мұнай секторының жеңіл табысы мен басымдықтарын жоққа шығарып отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ