Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Экономистердің болжауынша, жақын арада алтынның бағасы қымбаттауы мүмкін

AstanaTV
09.01.2015ж. 20:00
1712
Экономистердің болжауынша, жақын арада алтынның бағасы қымбаттауы мүмкін

Көршіміздің қиындығына қуанбаймыз, десек те, мұның біз үшін пайдалы тұсы болғалы тұр. Қазақстандық компаниялар үшін қазір қолайлы сәт. Лондон қор биржасында ресейлік компанияларға сенім азайды. Есесіне, біздегі бизнес иелеріне даңғыл жол ашылып отыр. Мұның бәрі санкциялардың әсері. Енді биржадағы арзандап жатқан Ресейдің бағалы қағаздарын біздің азаматтар сатып ала алады. «Немесе олардың Лондон қор биржасына орналастыра алмай отырған құнды қағаздарының орнына қазақстандық компаниялар өз акцияларын ұсына алады»,-дейді сарапшылар.

Сондай-ақ, экономистер, жақын арада алтынның бағасы қымбаттайды, деп болжам жасап отыр. Қазір бір унциясы 1231 долларды құрайтын алтынның құны 1300 долларға дейін жетуі мүмкін. Мамандар қазақстандықтарға ақша емес, алтын сақтауға кеңес береді.

Талғат Демесінов, экономист: 

Алтынға салу қазіргі түсініксіз аумалы-төпкелі уақытта, дағдарыс жағдайында, бұл - ең бір сенімді, қарапайым түр де, өзінің қаражатын, капиталын сақтап қалудың бір амалы деп қарау керек. Және алтынның бағасының өсуін байқауымыз мүмкін келесі жылы.

Арта түскен алтынның қадірі туралы толығырақ - ертең сағат 20:30-да «Астана» арнасындағы «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар. 

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ