Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Батыс Қазақстан облысында бюджеттік мекемелер жылуға қарыз болып шықты

AstanaTV
12.01.2015ж. 10:00
775
Батыс Қазақстан облысында бюджеттік мекемелер жылуға қарыз болып шықты

Жергілікті басылымдар: «Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласының бюджетік мекемелері жылу үшін 8 миллион теңге қарыз болып шықты. Бұл туралы облыс әкімінің осы шаһардағы жұмыс сапары барысында мәлім болды»,-деп хабарлайды. Атқамінерлер үшін бұл қалыпты жағдайға айналған. Олардың сөзінше, бұл қарыз жылдан-жылға ауысып келеді. 


Яғни, жылу үшін бөлінген қаражат шаһарда жылыту мерзімі басталғанға дейін бөлініп қойылған. Жиналған қарыз осы уақыт кезіндегі айырмашылықтан пайда болған көрінеді. Әрі бұл жағдай жыл сайын қайталанып отыратынын айтқан. Дегенмен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мұндай былыққа жол берілмеуі керектігін қатаң ескертті.

Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

Егер бұл қалыпты нәрсеге айналса, бұл сіздердің жыл бойы атқарылар жұмыстарды алдын-ала ойластырылып, жоспарламағандықтарыңыздан хабар береді. Бізді, сіздердің бар жағдайыңызды жасап береді екен, деп қол қусырып қарап отыруға болмайды. Сондықтан, бюджеттік мекемелердің барлық қарызын түгелдей төлеуді тапсырамын.

Сонымен қатар, облыс әкімі Бөрілі ауданының Берез ауылында орнатылған экологиялық мониторинг стансасымен де танысты. «Қазгидромет» мекемесінің мамандарының дерегінше, ауа құрамын өлшейтін зонд 2,8 метр биіктікте орналасқан. Бұл станса Қарашығанақ кеніші бағытында орын тепкен, әрі бұл құрылғының көрсеткен деректерін өзгерту мүмкін емес.

Ерлан КАРИН