$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Сенатор Мұрат Бахтиярұлы: 12 жылдық білім жүйесіне көшуді шегере тұрған дұрыс

AstanaTV
15.01.2015ж. 20:00
1550
Сенатор Мұрат Бахтиярұлы: 12 жылдық білім жүйесіне көшуді шегере тұрған дұрыс

12 жылдық білім жүйесіне көшуді шегере тұрған дұрыс. Сенатор Мұрат Бахтиярұлы бүгін осындай ұсыныс тастады. Жоғарғы палата депутаты Премьер-министрге аталған мәселеге қатысты сауал жолдады. «Әлемді қаржы дағдарысы қыспаққа алған тұста, бұл мәселеге орай асығыстық танытқан дұрыс емес», - дейді сенатор.

Оған қоса оқу құралдарына байланысты сын көп айтылады. Білім жүйесіне енгізілетін өзгерістер
- уақыт пен тыңғылықты дайындықты қажет ететін күрделі тәжірибе. Осы мәселелерді алға тартқан сенатор Мұрат Бахтиярұлы: «Әзірге 11 жылдық білім беру жүйесін қалдырған жөн», - дейді.

Мұрат Бахтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Министрлік 12 жылдық білім беру стандартына көшеміз деп қаншалықты талаптанғанмен, біріншіден, 12 жылдық білім беру жүйесінің толыққанды бірде-бір нормативтік құжаты осы кезге дейін дайын емес. Екіншіден, еліміздегі апатты жағдайда тұрған үш ауысымда жұмыс істеп тұрған мектептерді жоя алмай жатып, 12 жылдық білім беруге көшу әзірге көңілге қонбайды.

Жұрағат БАМАН