Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Парламент сайлауы қалай өткеніне қарамастан Грекия қарызын қайтаруы тиіс

AstanaTV
20.01.2015ж. 10:00
867
Парламент сайлауы қалай өткеніне қарамастан Грекия қарызын қайтаруы тиіс

Парламент сайлауы қалай өткеніне қарамастан Грекия қарызын қайтаруы тиіс. Бұл туралы Еуропалық комиссия басшысы Жан Клод Юнкер мәлімдеді деп хабарлайды Рейтерс.

Халықаралық валюта қорының директоры Кристиан Лагард Грекиядағы Солшыл радикалдар коалициясының мемлекеттік қарызды "сызып" тастау әрекеті жақсылыққа апармайтынын айтады.

Грекияда кезектен тыс парламент сайлауы 25-қаңтарда өтпек. Солшыл радикалдардың жеңіске жетуі ықтимал. Партия жетекшісі Алексис Ципрас халықаралық қаржы ұйымдарынан қарызды "сызып" тастауды сұрамақшы. Ал қазіргі үкімет басшысы Антонис Самарас:"бұл қадам дефолтқа соқтырады",-деп халыққа түсіндірумен әлек.

Қаржыны қанша үнемдеуге тырысқанымен, Грекия дағдарысты ауыздықтай алмай отыр. Жаппай қысқарту салдарынан жұмыссыздық 30 пайызға жетті. Жоғары білімі бар жастар елден көшіп жатыр. Олардың ішінде шағын-орта бизнес өкілдері мен банктерге қарызын қайтара алмағандар көп.

Мөлдір ДЮСЕКИНА