$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Калачилықтардың ұйқы ауруына шалдығуына радон себеп болмаған

AstanaTV
20.01.2015ж. 20:00
854
Калачилықтардың ұйқы ауруына шалдығуына радон себеп болмаған

Калачилықтардың ұйқы ауруына шалдығуына радон себеп болмаған. Осындай болжамды Ұлттық ядролық орталықтың радиациялық қауіпсіздік және экология институтының директоры Сергей Лукашенко жасады. Біздің арнамызға телефон арқылы сұхбат берген маман «ұйқы ауруы радиациялық уланудан пайда болды» деген пайымды да жоққа шығарды. 

Сергей Лукашенко, Ұлттық ядролық орталықтың радиациялық қауіпсіздік және экология институты директоры:

Алғашқыда калачиліктер радон газынан уланды деген ақпарат тараған болатын. Мен бұл болжаммен мүлдем келіспеймін. Аталған аумақтағы радиациялық мөлшерді өлшедік. Еш әсері жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін, біз бұл факторды алып тастадық. Ауыр металлдардың әсерін де тексерістен өткіздік. Ол болжамнан да бас тарттық.

Институт ғалымдарының айтуынша, ұзақ ұйқыға шалдыққан тұрғындардың үйлерін тексеру барысында көмір қышқыл газы нормадан 10 есе артықтығы анықталған. Сергей Лукашенко дәл осы фактор «алаңдатушылық» тудырады дейді. Айтуынша, Калачи тұрғындарының ұйқыға кетуі ыстан улану белгілеріне ұқсайды. 

Сергей Лукашенко, Ұлттық ядролық орталықтың радиациялық қауіпсіздік және экология институты директоры:

Біз бұл нақтылы бір жалғыз компонент деп айта алмаймыз. Бәрін анықтадық деп те айту қиын. Болжам бойынша ауада басқа, үшінші құрдамдас газ болуы мүмкін. Сондықтан ауаны түп-тұқиянымен толықтай зерттеу қажет.

Еске салсақ, Калачи тұрғындары ұйқы ауруына 2013 жылдың наурызынан бастап шалдықты. Олардың барлығына белгісіз «энцефалопатия» деген диагноз қойылған болатын. Көптеген зерттеулер мен тексерістерге қарамастан, арнайы құрылған комиссиялар аурудың нақты себебін анықтай алмай отыр. 

Жұрағат БАМАН

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах