Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Бизнеске шамамен 20-21 пайыздық несиелер берілуі мүмкін

AstanaTV
15.02.2016ж. 20:00
1965
Бизнеске шамамен 20-21 пайыздық несиелер берілуі мүмкін

Бизнеске шамамен 20-21 пайыздық несиелер берілуі мүмкін. Бүгін Үкімет сағатында Зейнетақы қорынан бөлінген қаражат бизнесті қолдауға қандай жолдармен берілетіні айтылды. Сондай-ақ мемлекетпен қанша пайызы субсидияланатыны белгілі болды. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Мөлдір Бақытқызы:  

Сонымен, шағын және орта бизнеске банктер қанша пайыздық несие ұсынады? Оның көлемі бүгін шамамен белгілі болды. Зейнетақы қорынан бөлінген қаражаттың пайыздық үстемақысы инфляция деңгейінен кем болмауы тиіс. Яғни 15 пайыз төңірегінде және банктер оған 4 пайыз өз ақысын қосады. Демек, бизнеске жылына 19-20 пайызбен қарыз беріледі.

Ал қаражат қандай банктерге үлестірілетіні  әлі белгісіз. Айтпақшы, "Жол картасына" енген жобалар үшін 7 пайыз субсидия қаралған. Яғни оны мемлекет мойнына алады. Сонда банктерге 11 пайыздай пайда түседі. 

Иә, теңге тапшы. Бірақ бизнес жоғары пайызбен несие алуға дайын ба? Былтыр Шығыс Қазақстан облысында қаржылық қиындыққа байланысты шағын және орта кәсіпкерлік саласында 700 адам қысқарған. ШОБ саласы жұмысшылары кәсіподағының төрайымы Галина Казанцева бизнеске 7 пайыздық несиелер қажет, дейді.

Галина Казанцева, ШҚО шағын және орта кәсіпкерлік жұмысшылары кәсіподағының төрайымы:

Банки закручивают по тем кредитам, которые можно сегодня приобрести, проценты там сумасшедшие. Здесь есть опасность, получается, что деньги есть, но народ не берет. 

Банктердің бүйірі тоқ, ал бюджетке түсетін табыс азаятын сияқты. 15 қаңтардан бастап мұнайға экспорттық кедендік баж салығы тоннасына 60 АҚШ ақшасынан 40 шартты бірлікке төмендеген. Бүгін Энергетика министрлігі газ сатуға салынтын корпоративті салықты алып тастауды ұсынды. Саладағы жағдайды тұрақтандыру үшін, қажет дейді.

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:

Мы начисляем налоги по себестоимости, которая выше, чем та цена, по которой продается газ, и это ставит в затруднительное положение нашу газовую промышленность. 

Банктерге миллиардтаған теңге Зейнетақы қорынан бөлінсе, жекеменшік құрылыс компанияларына Ұлттық қордан 97 млрд теңге бөлінді. Ол "Самұрық-Қазына" арқылы тарайды. Өмірзақ Шөкеев үлкен құрылыс компаниялармен әңгіме болғанын айтты. Бірақ нақты қай компанияларға берілетіні белгісіз. Құрылыс саласын қолдауға бақандай 360 млрд теңге бөлінген. Үкіметтегілер енді шаршы метр бағасы Астана мен Алматыда 180 мыңнан, ал өңірлерде 140 мыңнан аспайды деп отыр. Ал "Қазмұнайгаз" басшылығы шет елдегі компанияларға қатысты сұраққа жауап қатты. Сауат Мыңбаев Rompetrol жылды табыспен аяқтағанын айтты.

Айта кетейік, Rompetrol - 100 пайыз "Қазмұнайгазға" тиесі компания. Румынияда орналасқан. Қарамағында екі мұнай өңдеу зауыты, Еуропада 100-ге жуық отын тарату бекеттері жұмыс істейді. "Қазмұнайгаз" оны 2007 жылы сатып алған-тын. Ал мұнай 40 АҚШ валютасымен, теңге бағамы 300 шартты бірлік есебімен бекітілген бюджет қайта қаралады. Премьер оны келесі дүйсенбіге дейін бекітуді тапсырды. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ