Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Петропавлда әрбір бесіншісі тұрғын үй шатырына қатқан мұз адам өміріне қауіп төндіріп тұр

AstanaTV
21.01.2015ж. 10:00
937
Петропавлда әрбір бесіншісі тұрғын үй шатырына қатқан мұз адам өміріне қауіп төндіріп тұр

Петропавлда тұрғын үйлердің шатырына қатқан мұз адам өміріне қауіп төндіріп тұр. Шаһарда мыңға жуық көпқабатты үй болса, оның әрбір бесіншісі осы проблемаға тап болған. Дегенмен, Төтенше жағдай департаменті өкілдерінің дерегінше, әзірге шатырға қатқан мұздан ешкім зардап шекпеген.

Соңғы рет, 2013-ші жылы қайғылы жағдай тіркелген еді. Шатыр шетіндегі үшкір мұз сүңгісі 9 жасар баланың төбесіне түсіп, бас сүйегін зақымдаған. Заң бойынша, мұндай мұзды пәтер иелері кооперативтері дер кезінде сындырып отыру тиіс.

Дегенмен, кейбір ПИК төрағалары салғырттық танытуда. Олар шарасыздықтың себебін қаржы тапшылығымен түсіндіреді. Айтуларынша, өндірістік альпинисттер қызметі тым қымбат.

Сайран Хамзин, Петропавл қаласы пәтер иелері кооперативінің төрағасы:

Біз әдетте шатырдағы мұзды наурыз айында төбедегі қарды тазалаған кезде қағамыз. Ал, мұзды қысты күні бірнеше рет тазалауға, кооператив бюджетінен қосымша қаражат бөле алмаймыз. Ал тұрғын үй инспекциясының өкілдері, кооперативтерді жауапқа тарта алмайтындарын айтады. Себебі, бұл заңда қарастырылмаған. Жергілікті билік тек ұсыныс хат жіберумен шектеледі.

Дәулет Қалиасқаров, Петропавл қаласы әкімдігі тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

ПИК өкілдері біздің ұсынысымызды орындамаған жағдайда, біз оларға шара қолдана алмаймыз. Бірақ, болашақта арнайы тексерістер жүргізіп, құқықтық статистика арқылы әкімшілік жауапқа тартқымыз келіп отыр. Бұдан бөлек, қазір Парламентте тұрғын үй инспекциясын әкімдіктен бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Егер де біз бөлек, тәуелсіз мекеме болсақ, онда ПИК өкілдеріне қолданылар амал қатаяды.

Абзал ҚҰРМАНКИН