Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оңтүстік Қазақстанда ақ жаулықты аналардан құрылған волейбол командасы жеңісті қолдан бермей келеді

AstanaTV
21.01.2015ж. 10:00
1235
Оңтүстік Қазақстанда ақ жаулықты аналардан құрылған волейбол командасы жеңісті қолдан бермей келеді

Волейболшы әжелер. Оңтүстік Қазақстанда ақ жаулықты аналардан құрылған волейбол командасы көптің көзайымына айналып келеді. Ала допты әуелеткен аналардың барлығы да бірнеше баланың анасы. Команданың құрылғанына төрт жыл болған.

Мақтарал ауданының батыр аналары мен әжелерінен жасақталған топ әзірге жеңісті қолдан бермей келеді. Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген кезекті сайыста да олар суырылып алға шықты. Команда капитаны -Хабиба Мұратова. 8 баланы бағып-қағып өсірген ана әрі зейнеткер ұстаз спортты жас күнінен жанына серік еткенін айтады.

Топ мүшелері жаттығуды үзбейді. Әрі замандастары үнемі ойынға келіп, жанкүйер ретінде қолдау білдіріп отырады екен. «Жүлдені бермей келе жатуымыздың басты құпиясы осы»,- дейді ардақты аналар. Спортты серік еткен аналар енді халықаралық додаларда ойын көрсетуді жоспарлап жүр.

Менің арманым, келешекте биіктерден көрініп, тағы да  облыстарға, республикаға шықсақ, әжелер құрама командасын шығарсақ деген ойдамын. Балаларымды да, халықты да соған тәрбиелеймін. Үйде отырған аналарды да тартамын.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ