«Мұнай бағасының төмендеуінен, Ресейде оны өндіру мөлшері азаюы мүмкін. Бұл
туралы Давос форумында вице-премьер Аркадий Дворкович мәлімдеді»,- деп жазады
«Ведомости». Оның ойынша, қара алтын бағасы бұрынғы қалпына жақын арада келе
қоймайды.
Осыған қатысты билік түрлі амалдар ойластырып қойған. Дворкович:«Мәскеу
қандай жағдай болмасын инвестициялық жобалар мен тиімсіз жәрдемақыларды азайтып
бюджетін тұрақтандыра алады»,- деді.
Аркадий Дворкович, Ресей вице-премьері:
Бізде бюджет шығынын әлеуметтік саладан басқа барлық жерде қысқартуға
мүмкіндік бар. Әскери шығындарды қысқартуға әзірге негіз жоқ. Армияны
қаруланған, заманауи ету- өте маңызды. Бұл - шығындарды кейінге қалдырғанға
қарағанда тиімдірек болады. Бірақ, екінші жағынан сыртқы саудада бәсекелестік
жағынан импортты алмастырудың тиімді тұстары бар.
Еске салайық, Бүкіләлемдік экономикалық форумның тақырыбы-«Жаңа геосаяси
контекст». Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, күн тәртібінде банк секторының
ахуалы, мұнай бағасы және басқа да мәселелер қаралуда.
3000-ға жуық форум қатысушылары-әлемдік экономиканың жалпы стратегиясын
жасауға тырысады. Дәстүр бойынша форум ең маңызды проблемаларды қамтыған.
Т. АМАНАЛИЕВА