$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Сенат «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңды қабылдады

AstanaTV
22.01.2015ж. 13:00
1125
Сенат «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңды қабылдады

Сенат «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңды қабылдады. Енді ол мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі. Аталған заң қоғамдық-саяси өмірге жас азаматтардың белсенді қатысуы үшін жағдай жасауды қарастырады.

Мемлекеттік жастар саясатының басты міндеттері мен бағыттарын айқындайды. Бұдан бөлек, құжатта мемлекеттік жастар саясаты субъектілерінің жұмыс істеуіне құқықтық мүмкіндік беру, жастармен тиімді жұмыс істеу тетіктерін қалыптастыру жайы қаралған.

Жастардың құқықтарын кеңейту нормалары да бар. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов заңда жастар саясатының басты үш міндеті қамтылғанын айтты. Өскелең буынның құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық саяси өмірге тартудан өзге патриотизмге тәрбиелеуге баса назар аударылған.

Жас отбасылар үшін қолжетімді баспана, талантты жастардың қабілетін дамытуға жәрдемдесу де көзделіп отыр.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА