$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Керекуде жолақы 65 теңге болмақ

AstanaTV
22.01.2015ж. 13:00
1013
Керекуде жолақы 65 теңге болмақ

Керекуде жолақы қымбаттайтын болды. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында талқыланды. Осы күні тұрғындар қоғамдық көлік тасымалы үшін 50 теңге төлеп жүрсе, енді бір реттік жол құны 65 теңге болмақ.

Тасымалдаушылар, «жол ақысын қымбаттатуға автобөлшектер бағасының өскені, электр, жылу тарифтерінің қымбаттауы себеп» дейді. Оған қоса, «өткен жылдың ақпанындағы теңге девальвациясы да кері әсер етуде»  деген уәж айтты.

Тасымалдаушылар әуелгіде жолақы тарифін шаһар ішінде бірден 95 теңгеге көтеруді ұсынған болатын. Бірақ, мәслихат сессиясы тарифті барлық қоғамдық көліктерге ортақ бір деңгейде - 65 теңге көлемінде бекітті. Жаңа тариф бірінші тоқсанның соңына дейін енгізілмек.

Ал, әзірге Павлодардағы автобустардағы жолақы құны -50, трамвайларда -55, қала ішілік бағыттағы автобустардағы баға 60 теңге.

Әсем МҰХИТОВА