$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Қызылордада жылу энергиясының құны арзандады

AstanaTV
22.01.2015ж. 13:00
699
Қызылордада жылу энергиясының құны арзандады

Қызылордада жылу энергиясының құны арзандады. Осы жылдың қаңтарынан бастап қызылордалықтар жылу үшін бұрынғы бағамен салыстырғанда үш теңгеге кем төлейді. Бұл туралы арнайы брифингте облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев хабарлады.

«Қызылордажылуэнергоорталығы» мекемесі тарифті 3,6 пайызға төмендеткен. Нәтижесінде қала тұрғындары енді бір шаршы метр жылу үшін 82 теңге 3 тиын төлейді.

Бұған дейін жылу энергиясы тарифі 78 теңге 8 тиын болып келген еді. Алайда, өткен жылдың мамыр айынан бастап - 85 теңге 1 тиынға өскен болатын.

Шенеуніктер енді бұл баға биылғы жылыту маусымында сақталады дейді.

Нұржан Әлібаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:

Бұл инвестициялық міндеттердің тарифтік сметасын тексерудің нәтижесі. 1-ші қаңтардан бастап өтемақылық тариф енгізілді.

Шәрипа САҚТАПОВА


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах