$488.45 €529.19 ₽5.04
×

АН-2 ұшағында қаза тапқандардың денелері Қарағандыға жеткізілді

AstanaTV
22.01.2015ж. 20:00
1020
АН-2 ұшағында қаза тапқандардың денелері Қарағандыға жеткізілді

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған АН-2 ұшағында қаза тапқандардың денелері Қарағанды қаласына жеткізілді. Апаттан құтқару медицинасының арнайы көліктері қайтыс болған 6 адамның төртеуін туған өлкелеріне әкелді. Аймақ басшылығы жапа шеккен барлық отбасыға 1 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, «Олимп Эйр» авиакомпаниясы қаза тапқан борт қызметкерлерінің отбасыларының әрқайсына жарты миллион теңгеден қаражат бөлген.

Владимир Круч, «Олимп Эйр» ЖШС директоры:

Мен болған оқиғадан әлі де ес жинай алмай жүрмін. Кәсіби білікті керемет ұшқыштарымыздан айырылдық. Орындары ойсырап қалды. Ұшақта да еш кінәрат болған емес. Асыраушыларынан айырылған отбасыларына қайғырып, көңіл айтамыз.

Ал бүгін Азаматтық авиация комитеті, «Олим Эйр» авиакомпаниясының жұмысын тоқтатқаны белгілі болды. Авиакомпанияның құжаттары мен ұшақтарын, техникалық жағдайын көлік прокуратурасы тексеретіні туралы дерек бар. Бұл компанияның жұмысы бұдан бұрын да тоғыз айға тоқтатылған екен. Алайда, кейін Азаматтық авиация комитеті жазға дейін қызмет көрсетуге рұқсат беріпті. Айта кетейік, «Олип Эйр» компаниясының меншігінде 5 АН-2 ұшағы тіркелген.

Айжан ҚУАШ