Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мәжілісте «Мүгедектер құқығын қорғау мәселелері жөніндегі» заң жобасына енген өзгерістер таныстырылды

AstanaTV
22.01.2015ж. 20:00
1225
Мәжілісте «Мүгедектер құқығын қорғау мәселелері жөніндегі» заң жобасына енген өзгерістер таныстырылды

Бүгін Мәжілісте «Мүгедектер құқығын қорғау мәселелері жөніндегі» заң жобасына енген өзгерістер таныстырылды. Күні кеше төменгі палата «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны» ратификациялаған еді. Конвенция мүгедектерге кең мүмкіндік береді. Оның ішінде қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне басқалармен бірдей қатысуға жол ашады. Аталмыш құжат осыдан алты жыл бұрын қабылдануы тиіс-тін. Алайда біздің қоғам онда белгіленген талаптарды орындауға дайын болмаған еді.

Президент жолдауынан кейін «Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасын қолға алды. Оның аясында қыруар жұмыс атқарылған. Мәселен, 5 мың мүгедек жұмысқа орналасып, кемтар жандар қиындықсыз қатынайтын ғимарттар саны 30 пайызға артты. Темір жолдарда мүгедектерге арналып 13 вагон жабдықталып, 72 такси мен 221 қоғамдық көлік жасақталды. Заң жобасын әзірлеу кезінде 24 құқықтық-нормативтік акті өзгертілсе, «Нұр Отан» партиясымен 77 ұсыныс енгізілген. 

Жанат Омарбекова, Қазақстан мүгедектері конфедерациясының президенті:

Елбасы жолдауынан кейін «Нұр Отан» партиясына тапсырма берілді. Сол тапсырма аясында «Кедергісіз келешек» проектісі құрылып, үлкен жұмыстар атқарылды. 15 мыңнан астам мүгедек жұмысқа тұрғызылды. Инклюзивті білім беру мәселесі көтерілді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ 



}