$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Нұр Отан» партиясы XVII съезіне қатысушы делегаттар Астанаға келіп жатыр

AstanaTV
27.01.2016ж. 20:00
1764
«Нұр Отан» партиясы XVII съезіне қатысушы делегаттар Астанаға келіп жатыр

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі қарсаңында сайлауалды бағдарламаның жобасы мен партиялық тізім бекітіледі. 28 қаңтар күні партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен кеңейтілген саяси кеңес өтеді.

Онда партияның сайлауалды бағдарламасы мен 29 қаңтар күні өтетін съездің күн тәртібі қаралады. Ол үшін Астанаға өңір-өңірлерден делегаттар келуде. Съезге партиядан 600 делегат сайланған. Ал жиынға қатысушылардың жалпы саны осы жолы екі мыңнан асады, дейді партия хатшысы Қаныбек Жұмашев. «Нұр Отан» партиясы алдағы парламенттік сайлауда алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қойып отыр. 

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Елбасы «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 29 қаңтар ағымдағы жылы «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл съезд, әрине, өзінің тарихи маңыздылығымен ерекшеленеді. Шын мәнісінде, өткен кезеңмен салыстырғанда, партия өзінің алға қойған көптеген мәселелерді мерзімінен бұрын орындап, алдағы бесжылдыққа жаңа мақсаттар мен міндеттер қоюды көздеп отыр.

Еске салайық, Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау наурыздың жиырмасына белгіленген. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліске депутаттар сайлау 21 наурызда өтеді. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ